Моссад басшысы Ирандағы протесттерді бағалады

Израиль Барлау Ұйымы Моссад басшысы Йосси Кохен Израильдің Иранда «көзі мен құлағы» бар екенін атап көрсетті.

885134
Моссад басшысы Ирандағы протесттерді бағалады

Израильде жарияланатын Гаарец (Haaretz) газетінде орын алған бір хабарға қарағанда Кохен бір жиналыста Ирандағы соңғы шерулермен байланысты көзқасын бөлісті.

«Израильдің Иранда көзі мен құлағы бар» деген Йосси Кохен елдегі протесттердің Иран елбасы Хасан Руханидің халықтың экономикалық сұраныстарын қамтамасыз ете алмағаны себепті ортаға шыққанын алға тартты.

Иранда бір төңкеріс қалағанын, дегенмен мұның ақылға қонымды болу керектігін атап көрсеткен Кохен Тегеран әкімшілігінің «Таяу Шығыстағы мақсаттарын жүзеге асыру үшін қауіпсіздікке одан көп ақша жұмсалғанын» алға тартты.

Кохен АҚШ президенті Дональд Трамптың билікке келуімен Таяу Шығыс түсінігінің өзгергенін атап айтты.

Йосси Кохен «АҚШ-та Израильдің қауіпсіздік мүдделерін одан көп назарға алатын өзгерістер байқаймыз және бұл жағдай Иран ықпалының бағытын өзгертуімізге көмектеседі» деді.



Ұқсас жаңалықтар