Ереуілдер үшін орын беріледі

Тегеранда қалалық муниципалитетке ереуілдер үшін орын анықтау міндеті тапсырылды.

883595
Ереуілдер үшін орын беріледі

Иранның бас қаласы Тегеранда қалалық муниципалитетке ереуілдер үшін орын анықтау міндеті тапсырылды.

Ирандық студенттер агенттігінің хабарына қарағанда Тегеран қалалық мәжілісінің хатшысы Али Ата мәжілістің отырысынан кейін мәлімдеме жасады.  Ол халықтың атазаңдық құқығы ретінде муниципалитеттің бір ай ішінде ереуілдер өткізуге болатын бір орын таңдайтынын білдірді.

Қалалық мәжілістің 17 мүшесі ұсыныс бергенін еске салған Ата: «Осы ұсыныс атазаңның 27-ші бабына орай қарусыз және қоғамдық тәртіпке қауіп төндірмейтін ереуілдерге рұқсат берілуі негізіне сүйене отырып,  қала мәжілісінің күн тәртібіне келді» деді.

Ұсыныс мәжіліс отырысында қабылданып,  енді шешімді орындау үшін муниципалитетке міндет тапсырылды.



Ұқсас жаңалықтар