Трамп Қытайды сынға тартты

Трамп Қытайға «Қылмыс үстінде ұсталдыңыз» деді.

878044
Трамп Қытайды сынға тартты

Трамп Қытайды сынға тартты.

Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп Қытайдың Солтүстік Кореяға мұнай кіруіне рұқсат бергенін пайымдап, «Қылмыс үстінде ұсталдыңыз» деген сөздер қолданды.

Трамп Твитт арқылы жасаған мәлімдемесінде Қытайды нысанға алды.

Трамп «Қылмыс үстінде ұсталдыңыз. Қытайдың Солтүстік Кореяға мұнай кіруіне рұқсат берілгеніне орай таң қалдым. Бұл оқиға жалғасқан жағдайда Солтүстік Корея мәселесінде диалог шешімі әсте болмайды» деді.

Дональд Трамп өткен ай Қытайға жасаған сапары барысында Қытай мемлекет басшысы Си Цзиньпинмен бірге Солтүстік Корея тақырыбын қолға алған еді.

 Қытай мемлекет басшысы Си Цзиньпин Трампмен бірге ұйымдастырған ортақ баспасөз жиналысында «Солтүстік Корея мәселесінің диалог және келіссөздер арқылы шешу жөнінде келістік. Осы аяда ортақ талпыныс көрсетеміз» деген мәлімдеме жасаған болатын.

Трамп та Солтүстік Корея тақырыбында Қытаймен бірдей көзқараста екенін айтқан. 



Ұқсас жаңалықтар