Санкт-Петербург қаласында жарылыс болды

Санкт-Петербург қаласындағы жарылыста 9 адам жарақат алды.

877202
Санкт-Петербург қаласында жарылыс болды

Ресейдің Санкт-Петербургтің солтүстігіндегі Кондратьев даңғылында орналасқан сауда орталығындағы «Перекресток» дүкенінде жарылыс болды. Жарылыста 9 адам жарақат алды.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Петербург пен Ленинград облысы бойынша Төтенше жағдайлар министрлігінің бас басқармасы өкілдерінің хабарлауынша, оқиға орнына жедел қызмет өкілдері жеткен. Ғимаратты эвакуациялау жұмыстары аяқталды. «Ғимараттан тарс еткен дыбыс шықты. Құтқарушылар оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Адамдар эвакуацияланды, өрт шыққан жоқ» деп хабарлады басқарма мамандары.

РФ ІІМ Бас басқармасынан оқиғаның салдарынан зардап шеккендердің бар екендігі хабарланды. Оқиғаның себеп салдары анықталуда. Жедел әрекет қызметіндегі дереккөздің хабарлауынша, оқиғаның салдарынан 10 адам жарақат алды. 



Ұқсас жаңалықтар