Киркук қаласында бомбалы шабуыл

ДАИШ террор ұйымы жолға орналастырған бомбаның жарылуы салдарынан 2 әскер қаза тапты.

876731
Киркук қаласында бомбалы шабуыл

Ирактың Киркук қаласында ДАИШ террор ұйымы жолға орналастырған бомбаның жарылуы салдарынан 2 әскер қаза тауып, 2 әскер жарақат алды.

Киркук операциялар қолбасшысы генерал Али Фазыл Умран «Киркуктің  оңтүстігіндегі Гейда ауылы маңында ДАИШ-тік террористтер жолға орналастырған бомбаның жарылуы салдарынан бірі офицер екі әскер қаза тапты» деді.

Умран «Жарылыстың артынан ДАИШ пен әскерлер арасында шыққан қақтығыста болса 2 әскеріміз жарақат алды. Террористтер тауға қашты» деді.

Умран террористерді ұстау үшін ауқымды операция басталғанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар