Филиппинде қаза тапқан адам саны 230-дан асты

Филиппинде су тасқыны мен көшкіннің салдарынан кемінде 230-дан астам адам құрбан болды.

875292
Филиппинде қаза тапқан адам саны 230-дан асты

Филиппинде тропикалық «Кай Так» дауылының салдарынан болған су тасқыны мен көшкіннің салдарынан кемінде 230-дан астам адам құрбан болды.

«Кай Так» биылғы жылы Азияда болған 26-шы Тынық мұхиты циклоны. Мұндай атау оған Гонконгтағы ескі әуежайға байланысты берілген. Аталмыш әуежай Виктория бұғазының маңындағы таулар мен елді мекендердің арасында орналасқан және ол әлемдегі ең қауіпті аймақтардың бірінен саналған.

Минданао аралы мен Замбоанга түбегінде су тасқыны  мен дүлей дауыл  қауіп төндіруде.

Ондаған адам жоғалып кеткен аймақта мыңдаған Филиппин азаматы баспанаға орналастырылды.

Бір ауыл картадан өшіп кеткен және көптеген жер зақым көрген аймақта құтқару жұмыстары жалғасуда. 



Ұқсас жаңалықтар