Австралия бомбалаушы ұшақтарын әкетеді

Бұл туралы Федералдық Қорғаныс министрі мәлім етті.

873772
Австралия бомбалаушы ұшақтарын әкетеді

Америка Құрама Штаттары басшылығында коалиция күштеріне Ирак пен Сирияда қолдау берген Австралия әуе операцияларында қолданылған ұшақтарын әкететінін білдірді.

Федералдық Қорғаныс министрі Марис Пайн Австралия күштерінің террормен күресте аймаққа өте маңызды үлес қосқанына назар аударып,  Ирак және халықаралық коалиция мүшелерімен жүргізілген кездесулерден кейін екі елде ДАИШ террорлық ұйымына қарсы соғысқан 6 дана бомбалаушы ұшағын келесі ай алып кететінін атап көрсетті.

Пайнның айтуынша,  Ирак армиясының дайындығында міндет алған шамамен 700 әскери қызметкер болса қызметін жалғастырады.

Бірақ Ирактың талабына сай жағармай таситын және барлау жүргізетін ұшақтар аймақта қалады.



Ұқсас жаңалықтар