Тунис Нахда қозғалысы басшысы Ердоғанды құттықтады

Тунис Нахда қозғалысы басшысы президент Режеп Тайып Ердоғанды құттықтады.

871511
Тунис Нахда қозғалысы басшысы Ердоғанды құттықтады

Тунис Нахда қозғалысы басшысы Рашид әл-Ганнуши Иерусалим тақырыбындағы сезімталдығы үшін президент Режеп Тайып Ердоғанға алғысын білдірді.

Ганнуши Америка Құрама Штаттарының Иерусалимді ‘Израильдің астанасы’ деп тануын, наразылықтар және Стамбұлда болып өткен Ислам Ынтымақтастық Ұйымы (ИЫҰ) кезектен тыс саммитін Анадолы агенттігіне (AA) бағалады.

Ганнуши ИЫҰ кезектен тыс саммиті жайлы «Түркия Республикасы Араб Одағы  жасай алмаған нәрсені жасады. Президент Ердоғанды бұл бастамасы үшін құттықтаймын» деді.

Ганнуши қазірге дейін Палестина мен Иерусалим сияқты Ислам әлемін біріктіретін ешбір себеп болмағанын атап көрсетті.

Вашингтон әкімшілігінің 1.5 миллиард тұрғыны бар Ислам әлемі үшін Иерусалимнің маңызын назарға алмай, бұл шешімді қабылдағанын атқан Ганнуши АҚШ жариялаған шешімінің артынан мұсылман елдерде басталған шерулердің Ислам әлемінің басын біріктіргенін мәлімдеді.

АҚШ президенті Дональд Трамптың мәлімдемесімен Ислам әлеміндегі оянуға назар аударған Ганнуши шешімнің жаңа бір қозғалыстың бастауына себеп болғанын атап көрсетті.

Ганнуши президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Стамбұлда болып өткен ИЫҰ кезектен тыс саммитіне тоқталып, саммиттің символдық маңызының үлкен екенін мәлімдеді.

Ганнуши ИЫҰ саммитінің Ислам мемлекеттері арасындағы барлық бүліктерді ұмыттырғанын, Палестина мәселесі мен Иерусалим үшін бас қоса алатындарын дәлелдеу тұрғысынан маңызды екенін, АҚШ басқан Иерусалим қадамының мұсылмандардың Палестина мен Иерусалим санасын оятқанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар