Пәкістанда шіркеуге жанкешті шабуыл жасалды

Белуджистан уәлаятының бас қаласы Кеттадағы жанкешті шабуылда 8 адам қаза тапты, 44 адам жарақат алды.

870029
Пәкістанда шіркеуге жанкешті шабуыл жасалды

Пәкістанның Белуджистан уәлаятының бас қаласы Кеттадағы бір шіркеуде  жексенбі күні жасалған жанкешті шабуылда 8 адам қаза тапты, 44 адам жарақат алды.

Елдің оңтүстік батысындағы Кеттада шабуылдаушылар бір шіркеудегі жүздеген адамды нысанаға алды.

Уәлаяттың Ішкі істер министрі Сарфраз Бугти екі шабуылдаушының ғибадат кезінде шіркеуге басып кіргенін атап көрсетті.

Бугти шабуылдаушылардың біреуінің үстіндегі бомбаны жарғанын, екіншісінің қауіпсіздік күштері тарапынан өлтірілгенін білдірді.

Белуджистан полиция басшысы Абдул Реззак Чема болса, шабуылда 8 адамның қаза тауып, араларында балалар мен әйелдер бар 44 адамның жарақат алғанын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар