Индонезияның Ява аралында жер сілкінісі болды

Индонезияның Ява аралындағы жер сілкінісінде 2 адам мерт болды.

869552
Индонезияның Ява аралында жер сілкінісі болды

Индонезияның Ява аралындағы жер сілкінісінде 2 адам мерт болды.

Америка Геологиялық зерттеулер мекемесі Индонезияның Ява аралында болған жер сілкінісінің күшін  6,5 деп хабарлады.

Индонезия лауазымдары жер сілкінісі болған аймақтарда 2 адамның қаза тапқанын, 65 үй мен көптеген ғимараттың зақымдалғанын мәлімдеді.

 Бұл туралы Индонезияның табиғи апатты болдырмау жөніндегі агенттігінің өкілі Сутопо Нугрохо айтқан. «Ява аралындағы Чиамис округінде үйлер қирады. Мерт болғандар мен зардап шеккендер бар. Цунами болу мүмкін деп қауіптенген тұрғындар тауға көтеріліп жатыр» деп жазады билік өкілі Twitter-дегі парақшасында.

 



Ұқсас жаңалықтар