Наразылық шерулерінде 124 палестиналық жарақат алды

Бейбіт ереуілшілерге Израиль күштерінің операциясында 124 адамның жарақат алғаны білдірілді.

867335
Наразылық шерулерінде 124 палестиналық жарақат алды

Батыс Шерия, Иерусалим және Газа секторында АҚШ-тың Иерусалимді «Израильдің астанасы» деп тану қарарын протест ету үшін ұйымдастырылған шерулердің бесінші күнінде Израиль әскерлерінің операциясында 124 адам жарақат алды.

Палестина қызыл жарты ай қоғамы жасаған мәлімдемеге қарағанда Израиль күштері ереуілшілерге нақты оқ пен пластикалық оқтар қолданған операциясында Газа секторы шекарасында 28, Иерусалим және Батыс Шерияның әртүрлі аймақтарында болса 96 палестиналық жараланды.

АҚШ президенті Дональд Трамптың Иерусалимді «Израильдің астанасы» деп таныған 6 желтоқсан күнінен бері Израиль басқыншылығында болған Шығыс Иерусалимнен бастап, Батыс Шерияның әртүрлі аймақтарында және Газа шекарасындағы шеру ұйымдастырған палестиналықтарға қауіпсіздік күштерінің операцияларында жүздеген палестиналық жарақат алды.



Ұқсас жаңалықтар