Ресей президенті Анкара сапарының алдында Сирияға барды

Ресей мемлекет басшысы Владимир Путин орыс әскери жасақтарына тұрақты орындарға кері шегіну үшін бұйрық берді.

865759
Ресей президенті Анкара сапарының алдында Сирияға барды

Ресей мемлекет басшысы Владимир Путин орыс әскери жасақтарына кері шегінуге бұйрық берді.

Орыс хабар агенттігі Риа Новисти Ресей президенті Владимир Путиннің Сирияда қоныстанған орыс жасақтарына бұл елден кері шегінуге бұйрық бергенін жариялады.

Агенттік кеше кешкі уақытта Анкараға келуі күтілген орыс басшының жоспарсыз түрде Сирияға барғанын білдірді.

Путин Ресейдің Сириядағы әуе шабуылдары басқарылған Хымеймин әуе базасына барды.

Сирия басшысымен бас қосқан Владимир Путин кейін бұл елдегі әскери жасақтарды кері шегуге тапсырма берді.

Путин Хмеймимде жасаған мәлімдемеде «Түркия және Иранмен аймаққа бейбітшілік орнатамыз» деді.

Путин «Қорғаныс министрі және Бас Штаб Басқармасы төрағасына орыс күштерінің тұрақты қоныстану аймағына кері шегінуге бұйрық беремін» деді. Ресейдің Сирияда біреуі Хмеймим, біреуі Тартуста жалпы тұрақты қоныстану орны бар екенін атап айтқан Путин осы жерлерден армияның толығымен кері шегінбейтінін де білдірді.

Орыс әскерлерінің үйлеріне жеңіспен оралатынын мәлімдеген Путин сондай-ақ «террористтер Сирияда қайтадан бастарын көтерген жағдайда, Ресейдің оларды бұрын соңды болмаған бір күшпен жоятынын» атап көрсетті.

Орыс әскері Сирияға 2015 жылы қоныстанған болатын.



Ұқсас жаңалықтар