Израиль Газа секторына шабуыл жасады

Израиль Газа секторына шабуыл ұйымдастырды.

864666
Израиль Газа секторына шабуыл жасады

Израиль Газа секторына шабуыл ұйымдастырды. Әуе шабуылында 15 адам жарақат алды.

Газа секторындағы Палестина денсаулық сақтау министрлігі мәлімдемешісі Ашраф әл-Дудра жасаған жазбаша мәлімдемесінде Израиль соғыс ұшақтарының ұйымдастырған шабуыл кесірінен жарақат алғандардың Газа секторының солтүстігіндегі Индонезия ауруханасына апарылғаны білдірілді.

Израиль армиясынан жасалған мәлімдемеде де «Арияға тиесілі бір соғыс ұшағы Газа секторында Хамасқа тән бір білім беру лагері мен маңын атқылады» деген сөздеріне орын берілді.

Мәлімдемеде шабуыл аясында Газа секторынан Израильдің оңтүстігіне ұйымдастырылған екі зымыран шабуылына тойтарыс берілгені алға тартылды.

Газадағы қауіпсіздік қайнар көздері болса, Израиль соғыс ұшақтарының Газа секторында Хамасқа тиесілі үш түйінге әуе шабуылы жасағанын атап өтті. 



Ұқсас жаңалықтар