Бұрынғы елбасы Ади Абдуллах Салихтің өлтірілгені расталды

Йеменде бұрынғы елбасы және Жалпы халық конгресінің төрағасы Ади Абдуллах Салихтің өлтірілгені расталды

861658
Бұрынғы елбасы Ади Абдуллах Салихтің өлтірілгені расталды

Йеменде бұрынғы елбасы Ади Абдуллах Салихтің өлтірілгені расталды.

Активисттер Салихтің керуенін тоқтатқан қарулы хоуситтердің елбасы Салихге 30-дан астам оқ атып өлтіргенін мәлімдеді.

Салих басшылық жасаған Жалпы Халық Конгресінің жоғары деңгейлі бір лауазымдысы елбасы Салихтің кеше хоуситтер тарапынан өлтірілгенін растады.

Азанғы уақытта Салихтің үйіне басып кірген хоуситтер үйдегі барлық қаруларды алып, үйді бомбамен жарып жіберген болатын.

Хоуситтер Салихтің керуенін тоқтатып, Сананың 40 шақырым оңтүстігіндегі туған ауылы Санханға бара жатқанда ұстады. Салихті белгісіз бір жерге апарып, басына оқ атып өлтірді.

Али Абдуллах Салих Йеменді 1978-2012 жылдары арасында басқарды.

2015 жылы наурыз айында билікті қолға алған хоуситтермен үш жыл одақтас болған бірақ соңғы кездері хоуситтердің дұшпаны Сауд Арабиясымен келіскен Салих хоуситтер тарапынан өлтірілді.

Өлтірілген бұрынғы елбасы Али Абдуллах Салихтің баласы Ахмед Али Салих әкесінің хоуситтер тарапынан өлтірілуінің артынан орталығы Сауд Арабиясындағы Эл-Экберийе телеарнасына мәлімдеме жасап, кек алуға шақырды.

Салих «Соңғы хоуситті Йеменнен қуғанша соғысты өзім басқарамын. Әкемнің қаны Иранның құлағында тозақтай шырқалады» деді.

Бұрынғы «Республикалық сарбаздар қолбасшысы» болған Ахмед Салих әкесінің жақтаушыларын «Йеменді хоуситтерден құтқаруға» шақырды.



Ұқсас жаңалықтар