Оңтүстік Африкадағы балаларға үлкен қауіп төніп тұр

Кейптаун Университеті Балалар институты Оңтүстік Африкадағы балалар туралы рапорт дайындады.

858486
Оңтүстік Африкадағы балаларға үлкен қауіп төніп тұр

Кейптаун Университеті Балалар институты, Оңтүстік Африкадағы балаларға қатысты статистикалық мәліметтер орын алған рапортын жариялады.

Рапортқа қарағанда елдегі балалардың 40% әкесіз өседі, 20% жанұялық ортадан мақұрым өмір сүреді және 33% зорланады.

Елде кем дегенде 5 миллион баланың ашаршылыққа душар екені атап көрсетілген рапортта балалардың 12% кедейлік шегінен төмен өмір сүргені атап көрсетілді.

Рапортта елдегі балалардың 33% ата-аналарының жұмыссыз екені білдірілген.

Оңтүстік Африка жоспарлау, бақылау және бағалау министрі Джефф Редебе аталмыш балалардың болашағына маңызды мөлшерде қауіп төнгенін атап көрсетті.

Редебе «Ұзақ мерзімде өркендеу үшін балаларымыз үшін инвестиция салуымыз керектігін байқадық» деді.



Ұқсас жаңалықтар