Пентагон YPG-ге қолдаудың жалғасатынын мәлімдеді

Пентагон лауазымдылары ДАИШ-пен күрес аяқталғанша террор ұйымы YPG-ге қолдаудың жалғасатынын мәлімдеді.

857223
Пентагон YPG-ге қолдаудың жалғасатынын мәлімдеді

Америка Құрама Штаттары Қорғаныс министрлігі (Пентагон) Сирияда бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ның аймақтағы тармағы YPG құраған Демократиялық Сирия Күштеріне бергендері көптеген әскери көлік пен ауыр қару-жарақтарды жинап алуға ниетті екендерін жариялады.

Пентагон алдынғы күнгі баспасөз жиналысында Пентагон мәлімдемешісі полковник Роб Мэннинге кейбір журналисттер қойған сұрақтарға жазбаша түрде жауап қайтарды.

Бір журналисттің «таратылған қаруларды қайтарып аласыз ба?» деген сұрағына Пентагон «Ниетіміз өзіндік қауіптер жойылған соң үлкен көліктер мен ауыр немесе қызметкерлер қолданған қаруларды кері қайтарып алу» деп жауап қайтарды.

Мәлімдемеде сондай-ақ АҚШ әскерлерінің де алаңда қарулардың қолданысын бақылап отырғандарын және АҚШ қолдау берген күштердің АҚШ қолдауының алдынғы шарты ретінде  Женева конвенциясы және қарулы қақтығыстар туралы заңдарға бағынуға уәде бергенін алға тартты.

«Министрдің айтқандай Женева келіссөздеріне қолдау мақсатты Демократиялық Сирия Күштеріне қару таратып жатырсыз?» деген бір сұраққа Пентагон лауазымдылары ДАИШ-пен күрестің жалғасқанын және бұл ұйымды тұрақты түрде жеңгенше кейбір жұмыстардың жүзеге асырылу керектігін, АҚШ-тың Демократиялық Сирия Күштеріне қолдауды жалғастыратынын айтып жауап қайтарды.



Ұқсас жаңалықтар