Йемен ең көп жеткіліксіз тамақтану мәселесі болған елдердің бірі.

Йемен ең көп жеткіліксіз тамақтану мәселесі болған елдердің бірі.

855929
Йемен ең көп жеткіліксіз тамақтану мәселесі болған елдердің бірі.

Йеменде 11 миллионнан астам бала жедел жәрдемге мұқтаж.

Біріккен Ұлттар Ұйымы балаларға жәрдем қоры Орташығыс және Солтүстік Африка директоры Хайрат Калабари Иорданияның астанасы Амманда баспасөз мәслихат ұйымдастырды. Калабари Аммандағы баспасөз жиналыста  «Йемендегі қақтығыс салдарынан мемлекеттегі 11 миллионнан астам бала жедел жәрдемге мұқтаж. Бұл адам санының 40 пайызын құрауда» деген сөздер қолданды.

Калабари Йеменнің ең көп жеткіліксіз тамақтану мәселесі болған елдердің бірі екенін де айтты.

Калабари осы елдегі қақтығыстар кесірінен соңғы екі жарым жыл ішінде мөлшермен 5 мың баланың шетінегенін және жараланғанын еске салып, «Соғыс салдарынан мыңдаған мектеп пен медициналық ғимарат құлады. Мемлекетте 2 жарым миллион бала жеткіліксіз тамақтануда» деді. 



Ұқсас жаңалықтар