Ирак күрд автономиясының премьер-министрі алғыс айтты

Барзани Ирак пен Иран шекарасында болған жер сілкінісінен кейін берген көмегіне орай Түркияға алғыс айтты.

851497
Ирак күрд автономиясының премьер-министрі алғыс айтты

Ирак күрд автономдық аймағының премьер-министрі Нечирван Барзани Ирак пен Иран шекарасында болған жер сілкінісінен кейін берген көмегіне орай Түркияға алғыс айтты.

Премьер-министр Барзани Эрбильдегі баспасөз брифингінде «Түркия жер сілкінісі болған алғашқы сағаттарда бізге көмек жолдады және президенттік аппараттан телефон шалды.  Бұған тағы бір рет алғыс білдіремін» деді.

Түркияға барып бармайтыны туралы сұраққа да Барзани: «Егер Түркияға бару мүмкіндігі болса,  міндетті түрде барамыз.  Оларды ды осында көргіміз келеді» деп жауап берді.

Ирак пен Иран шекарасында 12 қараша күні 7,3 балдық жер сілкінісі болған еді.



Ұқсас жаңалықтар