Алеппо қаласындағы шабуылда қаза тапқандар саны 63-ке ұласты

Азаматтық қорғаныс лауазымдысы Мұхаммед Халлак әуе шабуылын Ресейдің жасағанын алға тартты.

848048
Алеппо қаласындағы шабуылда қаза тапқандар саны 63-ке ұласты

Сирияның Алеппо қаласында Этариб ауданында жексенбі күні базар жеріне жасалған шабуылда қаза тапқандар саны 63-ке ұласты.

Батыс Алеппо ауылдық аймағында азаматтық қорғаныс лауазымдысы Мұхаммед Халлак алдынғы күні Этарибдегі базар орнына жасалған әуе шабуылында 110 адамның да жараланғанын тілге тиек етті.

Халлак үйінділерді тазалау жұмыстарының аяқталғанын дегенмен жаралылар арасында ауыр күйде болғандар бар екенін атап көрсетті.

Мұхаммед Халлак сондай-ақ «Иблиб дағдарысы азайту аймағы ішінде орын алған ауданға жасалған әуе шабуылын Ресейдің жасағанын ойлаймыз. Ұшақ бақылау орталығы бұл ақпаратты растайды» деді.



Ұқсас жаңалықтар