Иранда опат болған адамдардың саны 407-ге жетті

7,3 балдық жер сілкінісі кесірінен Иранда опат болған адамдардың саны 407-ге жетті.

846885
Иранда опат болған адамдардың саны 407-ге жетті

7,3 балдық жер сілкінісі кесірінен Иранда опат болған адамдардың саны 407-ге жетті.

Иракта жексенбі күні түнде болған 7,3 балдық жерсілкінісі кесірінен Иранда опат болған адамдардың саны 407-ге жетті.

Иран мемлекеттік теледидары Ұлттық дағдарысты басқару ұйымы төрағасының орынбасары Рехман Саиди қаза тапқандар санының 407-ге, жарақат алғандар санының болса 6700-ге көбейгенін айтты.

Ұлттық дағдарысты басқару ұйымы төрағасы Исмаил Нежжар болса күйреу көлемінің кең болғаны себепті іздеу және құтқару жұмыстарына болымсыз ықпал жасағанын мәлімдеді.

Нежжар «Касры Ширин және Шерпулзихабға қарасты ауылдар қатты зақым болған жерлер болып табылады. Күйреу көлемі кең болғандықтан іздеу және құтқару жұмыстарына болымсыз ықпал жасауда» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар