Афинада саяси партия ғимаратына шабуыл

Грекиядағы шабуылмен байланысты террормен күрес тобы тергеу бастады.

842175
Афинада саяси партия ғимаратына шабуыл

Грекияның бас қаласы Афиныда кім екені белгісіз екі адам Панхеленик социалистік қозғалыс партиясының (PASOK) ғимаратына шабуылдады.

Шабуылда ешкімге зиян келмегені білдірілді. Шабуылшылар болса оқиға орнынан қашып кетті.

Оқиға орнына келген көптеген қауіпсіздік күші тобы аймақты бақылауға алды.

Оқиғамен байланысты террормен күрес бөлімшесі тергеу бастады.

PASOK-тың мұның алдында да ұқсас шабуылдарға ұшырағанын атап айтқан партия төрағасы ғимаратты қорғау үшін үкіметтің одан ықпалды шаралар қабылдау талап етті.



Ұқсас жаңалықтар