Абэ қайтадан сайланды

Либерал демократ партияның басшысы Синдзо Абэ қайтадан премьер-министрлікке сайланды.

838473
Абэ қайтадан сайланды

Жапонияда 22 қазан күні болған жалпы халықтық сайлаудың жеңімпазы Либерал демократ партияның басшысы Синдзо Абэ қайтадан премьер-министрлікке сайланды.

Kyodo агенттігінің хабарына қарағанда, партиясы парламенттің төменгі қанаты Өкілдер мәжілісінің мүшелері анықталатын сайлаудан жеңіп шыққан Абэ қайтадан премьер-министрлікке сайланды.

Абэнің жаңа үкіметте бұдан бұрынғы кабинеттің мүшелерін ауыстырмайтыны күтілуде.

Жапонияда қыркүйек айында таратылған Өкілдер мәжілісі мүшелерін анықтау үшін өткізілген жалпы халықтық сайлауда Абэ басшылығындағы Либерал демократ партиясы парламенттің төменгі қанатында үштен екі көпшілікке қол жеткізген болатын.

Елде парламенттің жоғары қанаты Сенат сайлауы болса 2016 жылдың шілде айында өткізілген болатын.

Жапония парламентін қалыптастыратын Сенат пен Өкілдер мәжілісі мүшелерін халық сайлайды.



Ұқсас жаңалықтар