Путин Сирия жайлы мәлімдеме жасады

Путин Сирия территориясының 90 пайыздан көбінің террористтерден тазаланғанын айтты.

835177
Путин Сирия жайлы мәлімдеме жасады

Путин Сирия территориясының 90 пайыздан көбінің террористтерден тазаланғанын айтты.

Ресей президенті Владимир Путин Сирия территориясының 90 пайыздан көбінің террористтерден тазаланғанын айтты.

Путин «Сириядағы террормен күресу операциясына қатысқан әскерлерімізді тағы бір мәрте құттықтаймын. Батыл және жүйелі әрекеттердің арқасында осы елдегі жағдайды түбегейлі түрде өзгерттік. Сирия территориясының 90 пайыздан көбі террористтерден тазаланды» деді.

Путин Сирия үкіметі және шетелдік ортақтарымен қою ынтымақтастық ішінде  болып Сириядағы дағдарысты азайтқанын да еске салды.

Саяси шешім мен бейбітшілік процесін қолдағандарын баяндаған Путин «Сириядағы террористтер жай бір қарақшылар емес, олар керемет жабдықталған және қаржылай қолдауға ие топтардан құралған. Біз оларға қарсы күрес жүргіздік. Осы террористтерге қарсы жүргізілген әскери шаралар арқылы Ресей Әуе-ғарыш күштерінің, орыс армиясының және орыс теңіз күштерінің қаншама мықты екенін паш еттік» деді.  

 



Ұқсас жаңалықтар