"Асадсыз бір Сирия мемлекетін қалаймыз"

АҚШ Мемлекеттік хатшысы БҰҰ Сирия арнайы өкілі Мистурамен бас қосты

835272
"Асадсыз бір Сирия мемлекетін қалаймыз"

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Тиллерсон елінің Башар Асадтың ықпалы болмаған «тұтас» және «бірлескен» Сирия мемлекеті қалағандарын білдірді.

Рекс Тиллерсон «Асад отбасының билік кезеңі аяқталады. Мәселе мұның қалай болатыны» деді.

Тиллерсон кейбір Таяу Шығыс және Азия мемлекеттеріне жасаған сапарлардың артынан Швейцарияның Женева қаласында БҰҰ Сирия арнайы өкілі Мистурамен бас қосты.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы кездесудің артынан жасаған мәлімдемеде Сирияның келешегінде Асадтың болмайтынын атап, «АҚШ Асадтың үкіметте ешбір ролі болмаған ‘тұтас’ және ‘бірлескен’ бір Сирия мемлекетін қалайды» деді.



Ұқсас жаңалықтар