Гутерреш Трамппен кездеседі

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерреш бүгін Ақ Үйде АҚШ президенті Дональд Трамппен кездеседі.

831017
Гутерреш Трамппен кездеседі

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерреш бүгін Ақ Үйде АҚШ президенті Дональд Трамппен кездеседі.

БҰҰ бас хатшысының баспасөз өкілі Стефан Дужарик баспасөз брифингінде аталмыш кездесуде ортақ уайымдардың қолға алынатынын айтты.

Кездесуде халықаралық қоғамның ең ірі платформасы БҰҰ-ның құрылымына байланысты реформалар мен Иран ядролық келісімі секілді тақырыптар салмақты орын алады.

БҰҰ Бас ассамблеясының 72-ші сессиясына қатысқан әлем басшылары да 1945 жылы құрылған БҰҰ-ның бүгінгі күннің шарттарына сай еместігін айтып,  реформа талаптарын тілге тиек еткен болатын.

АҚШ президенті Трамп та реформа жасалмаса,  АҚШ-тың осы ұйымға беріп отырған қаржылай қолдауын азайтатынын айтқан еді.



Ұқсас жаңалықтар