Киркук қаласында қауіпсіздікті сақтау мәселесі

Хайдар әл-Абади басқа қарулы топтарға рұқсат берілмейтінін айтты.

830196
Киркук қаласында қауіпсіздікті сақтау мәселесі

Ирак премьер-министрі Хайдар әл-Абади Киркук қаласы орталығында қауіпсіздіктің жергілікті полиция және террормен күрес күштері тарапынан қамдалғанын,  бұлардан басқа қарулы топтарға рұқсат берілмейтінін білдірді.

Премьер-министрлік кеңсесінен жасалған хабарламаға қарағанда,  Абади Киркукте «Манипуляциялық көріністер таратып,  халық арасында араздық туғызатын кісілерді еркін жібермейтіндерін» айтты.

Абади Киркукте қауіпсіздіктің қамдалуы,  барлық этникалық және діни топтардың үйлері мен мүліктерінің қорғалуының жергілікті полиция мен террормен күрес күштерінің жауапкершілігінде екенін атап көрсетті.

Бұдан бұрын Ирак үкіметі Киркук аймағында нәсілшілдікті насихаттап, толеранттыққа қарсы кісілерді әділет органдарына тапсыру үшін нұсқау жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар