Сирияның Баб ауданында оқу жылы ашылды

Түркия мектептерді жөндеуден өткізді.

826411
Сирияның Баб ауданында оқу жылы ашылды

Түрік Қарулы күштерінің 2016 жылдың 24 тамыз бен 2017 жылдың 29 наурыз күндері аралығында Сирияда жүргізген «Евфрат қалқаны» операциясында ДАИШ-тен құтқарылған Баб ауданында үш жыл тоқтап қалған білім қайтадан беріле бастады.

Баб ауданындағы 30 мектептің онының жөндеу жұмыстарына Түркия қолдау көрсетті. Мектептердің барлық мұқтаждықтары қамдалды.

Оқу материалдары да Түркиядан жеткізілді.  Осы мектептерге 2 мың оқушы тіркелді.

Түркияға қашып келген көптеген отбасы аймақ сенімді жағдайға келгеннен кейін үйлеріне оралуда.

Түркияда түрік тілін үйренген балалар да осы тілді ұмытпасын деп мектептерде түрік тілі сабағы да беріледі.

ТР Білім беру министрлігі де аймақтағы мектептерді қызмет атқаратын мұғалімдерге педагогикалық семинар өткізді.



Ұқсас жаңалықтар