13 миллион адам көмекке мұқтаж

БҰҰ Аймақтық гуманитарлық көмек координаторы Стамбулда баспасөз брифингін өткізді.

825559
13 миллион адам көмекке мұқтаж

БҰҰ Гуманитарлық көмек координаторы Panos Moumtzis Сирияда 13 миллион адамның көмекке мұқтаж екенін айтты.

БҰҰ Аймақтық гуманитарлық көмек координациясына жаңа тағайындалған координатор Стамбулда бір баспасөз брифингін өткізді.

Сирия дағдарысы және аймақтағы соңғы ахуалға байланысты Moumtzis сириялықтарға 2018 жылғы гуманитарлық көмек жеткізу жоспарын дайындағандарын баяндады.

«Қыс маусымындағы көмектерді жоспарлау үшін Түркияға келдік.  Осы жерден Сирия және басқа да елдерге шақыру тастаймыз.  Гуманитарлық көмекті саяси құрал ретінде есептемесін» деді ол.

Сирияда кейбір өңірлерде шамамен 2,9 миллион адамның жедел көмекке мұқтаж екеніне назар аударған Moumtzis әсіресе қоршау астындағы жерлерде шамамен 400 мың адамның көмек күтіп отырғанын айтты.

Тап қазір Раккада 8 мың адамның өте қиын шарттарда өмір сүруде екенін білдірген Moumtzis «Дейр-ез Зорда да тұрмыс өте қиын.  Осындағы әскери операциялар салдарынан халық босқын болып кетті. Осы адамдардың қорғалуы үшін тараптарға шақыру тастаймыз.  Аймақта көмекке мұқтаж жандарға тек 35 пайыз қаржы қамдай аламыз.  Халықаралық ұйымдардан көбірек көмек күтеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар