Бангладешке барған аракандықтар саны 519 мыңға жетті

Бангладешке паналаған аракандық мұсылмандар санының 519 мыңға жеткенін хабарлады.

824486
Бангладешке барған аракандықтар саны 519 мыңға жетті

Бангладешке паналаған аракандық мұсылмандар санының 519 мыңға жеткенін хабарлады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бьянмада армия мен буддис қарақшыларының шабуылынан қашып, Бангладешке паналаған аракандық мұсылмандар санының 519 мыңға жеткенін хабарлады.

БҰҰ гуманитарлық жәрдем координация офисінен жасалған мәлімдемеде Бангладеш пен Біріккен Ұлттар Ұйымының аймақта жәрдем жұмыстарын арттырғандарын және 4 қазан күнінен бастап 515 мың адамға жәрдем жеткізілгені білдірілді.

Бангладешке паналағандар санының 25 тамыздан осы таңға дейін 519 мыңға жеткенін жариялаған мәлімдемеде БҰҰ тарапынан талап етілген 434 миллион долларлық жәрдемнің тек 24 пайызының қамтамасыз етілгені білдірілді.

Мьянма армиясының «қарулы сарбаздармен күресу» деген сылтаумен Араканда жай халыққа бағытталған шабуылдарда 25 тамыз күнінен осы таңға дейін көптеген мұсылман мерт болды. Соңғы шабуылдарда 200-ден астам ауыл армия және буддис қарақшылары тарапынан өртенді.

Мьянмада 1970 жылынан бері этникалық қырғынға душар болған 2 миллион аракандыдқ мұсылмандардың 84 пайызы көршілес елдерге паналады.

 

 



Ұқсас жаңалықтар