АҚШ соғыс ұшағы Корея түбегі үстінде ұшты

АҚШ Әуе күштеріне тиесілі B-1B үлгісіндегі соғыс ұшағы Корея түбегі үстінде ұшты.

824816
АҚШ соғыс ұшағы Корея түбегі үстінде ұшты

Америка Құрама Штаттары Әуе күштеріне тиесілі B-1B үлгісіндегі соғыс ұшағы Корея түбегі үстінде ұшты.

Америка армиясынан жасалған мәлімдемеде Гуамнан ұшқан екі соғыс ұшағына Оңтүстік Корея мен Жапония соғыс ұшақтарының серік болғаны білдірілді.

Мәлімдемеде алғаш рет түнде ұйымдастырылған жаттығуда Солтүстік Кореяның атомдық қаупіне қарсы Америка Құрама Штаттары, Оңтүстік Корея және Жапония арасындағы селбесудің көрсетілуі көзделгені баяндалды.

Осы барыста Солтүстік Кореялық компьютер қарақшыларының іштерінде Оңтүстік Корея мен Америка Құрама Штаттары тарапынан дайындалған мүмкін бір  соғыс жоспарының да болған жасырын әскери құжаттарды ұрланғаны алға тартылды.

Пхеньян әкімшілігі болса бұл пайымдауды теріске шығарды. 



Ұқсас жаңалықтар