Израиль Газа секторына танкпен шабуыл жасады

Израиль армиясы жаулау астындағы Газа секторына танк шабуылы ұйымдастырды.

822906
Израиль Газа секторына танкпен шабуыл жасады

Израиль армиясы жаулау астындағы Газа секторына танк шабуылы ұйымдастырды.

Израиль армиясынан жасалған мәлімдемеде «Армияға тиесілі танктер Газа секторының оңтүстігінде Хамасқа тиесілі бір әскери базаны атқылады» деген сөздерге орын берілді.

Мәлімдемеде танк операциясының Газадан Израильдің Ашкелон қаласы маңына түнгі уақыттарда жасалған зымыран шабуылына тойтарыс екенін алға тартылды.

Аталмыш зымыранның бос алаңға түскені және ешқандай бір жарақат немесі жан шығынының болмағаны білдірілген еді.

Израильдің сылтау ретінде көрсетілген зымыран шабуылын болса Газа секторындағы палестиналық топтардан ешкім мойнына алмады.

Израиль екі миллионға тарта палестиналықтар өмір сүрген Газа секторын Хамастың 2006 жылғы сайлауды жеңіп алғаннан осы таңға дейін жаулау астына алуда.

Шығыс Иерусалим мен Батыс Шария да 1967 жылынан осы таңға дейін Израиль тарапынан жаулау астына алынуда.

Жаулау астындағы Шығыс Иерусалимде 200 мың, Батыс Шерияда болса 400 мыңнан астам еврей елді мекен бар. Халықаралық құқық бойынша осы аймақтардағы барлық еврей елді мекендері «заңсыз».



Ұқсас жаңалықтар