Физикадан Нобель сыйлығы үш ғалымға берілді

Физикадан Нобель сыйлығы биыл АҚШ-тан үш ғалымға берілді.

819380
Физикадан Нобель сыйлығы үш ғалымға берілді

Физикадан Нобель сыйлығы биыл АҚШ-тан үш ғалымға берілді.

Нобель комитетінің хабарламасына қарағанда,  Физика сыйлығына ауырлық күші толқыны жөніндегі еңбектері және жаңалықтары себебімен Massachusetts Institute of Technology-ден Rainer Weiss, California Institute of Technolog-ден Barry Barish және Kip Thorne лайықты деп табылды.

Ғалым Rainer Weiss 9 миллион Швед кронасы мөлшеріндегі сыйлықтың жартысын алса,  Barry Barish пен Kip Thorne қалған жартысын бөліседі.

Осы үш ғалымға 10 желтоқсан күні өтетін марапат кешінде бір-бір диплом мен алтын медаль беріледі.

Швед Ғылым академиясы ертең химия сыйлығының, жұма күні Бейбітшілік сыйлығының лауреаттарының есемін жариялайды.  9 қазан күні де Экономика сыйлығының иегері белгілі болады.



Ұқсас жаңалықтар