Қаза тапқандар саны елуге жетті

200-ден астам адам жарақат алды.

818569
Қаза тапқандар саны елуге жетті

Америка Құрама Штаттарының Лас-Вегас қаласындағы бір музыка фестивалінде болған қарулы шабуылда қаза тапқандар саны елуге жетті.

200-ден астам адам жарақат алды. Оқиғаны жасаған шабуылдаушының 64 жасар Америка азаматы Стефен Паддок екені алға тартылуда.  Полиция оны залалсыздандырды.

Бір қонақүйдің 32-ші қабатынан фестивальге қатысушылардың үстінен оқ жаудырылды.  Лас-Вегас полициясы оқиғаға қатысты деген себеппен «Азия текті бір әйелді» іздестіруде.

Кансас штатында жаңа баскетбол маусымы тойланып жатқан кезде Кансас Университеті маңында болған қарулы шабуылда 3 адам қаза тапты.  Екі адам жарақат алды.

Университеті баспасөз хатшысы Erinn Barcomb-Peterson қаза тапқандар арасында студенттер жоқтығын білдірді.  Полиция директоры Anthony Brixius шабуылда шамамен 20 рет оқ атылғанын айтты.

Оқиғаға байланысты тергеу жалғасуда.



Ұқсас жаңалықтар