Сирия операциясында 2 мың 286 адам қаза тапты

Сириядағы әуе операциясында осы таңға дейін 2 мың 286 адам қаза тапты.

813755
Сирия операциясында 2 мың 286 адам қаза тапты

Сириядағы әуе операциясында осы таңға дейін 2 мың 286 адам қаза тапты.

Сирияда Америка Құрама Штаттары басшылығындағы коалиция күштерінің 3 жыл бұрын террор ұйымы ДАИШ-ке бағытталған әуе операциясында осы таңға дейін 2 мың 286 жай халықтың өлгені білдірілді.

Сирия адам құқықтары торабы рапортына қарағанда қаза тапқандардың 774-і бала,  504-і әйел.

Рапортта Коалиция күштерінің шабуылдары кесірінен 2014 жылы 67,  2015 жылы 242,  2016 жылы 562 және биыл 23 қыркүйекке дейін 1415 адамның қаза тапқаны баяндалды. Рапортта сонымен қатар ДАИШ-тің аймақтарына ұйымдастырылған әуе шабуылында іштерінде мешіт, аурухана және мектептерде орын алған кем дегенде  157 орталықтың нысанға алынғаны білдірілді.

Америка Құрама Штаттары басшылығындағы коалиция күштері 2014 жылы қыркүйекте Сирияда ДАИШ-пен күресу аясында операцияларға бастаған еді.

 



Ұқсас жаңалықтар