Аракан мұсылмандары келмесін деп шекараны жапты

Үндістан үкіметі аракандық мұсылмандар келеді деп теңіз шекарасын жапты.

811324
Аракан мұсылмандары келмесін деп шекараны жапты

Үндістан үкіметі аракандық мұсылмандар келеді деп теңіз шекарасын жапты.

Үндістанда жарияланатын India Today газетінің хабарына қарағанда, «ұлттық қауіпсіздікке үлкен қатер ретінде саналатын Аракан мұсылмандарының ағынының алдын алу үшін теңіз шекарасында барлау ұшақтары,  кеме және барлау кемелері қызмет атқаруда».

Үндістан үкіметі бұдан бұрын да Жоғары сотқа Аракан мұсылмандарының ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіргені жөнінде мәлімет берген еді.

Мьянмадан қашқан Аракан мұсылмандары Үндістанның көбіне Андра Прадеш,  Манипур,  Уттар Прадеш,  Дели, Харяна штаттарында тұрады. Жаңа Делиде мың шақты Аракан мұсылманы тұрып жатыр.



Ұқсас жаңалықтар