Миллиондаған адам Күннің толықтай тұтылғанына куә болды

АҚШ-тың 14 штатынан көрінген Күннің толықтай тұтылуды тамашалау үшін миллиондаған адам көшеге шықты.

794443
Миллиондаған адам Күннің толықтай тұтылғанына куә болды
Donald Trump.jpg

АҚШ құрлығын тұтас айналған соңғы Күннің толықтай тұтылуы шамамен 100 жыл бұрын 1918 жылы байқалған еді.

Бұл тұрғыдан Айдың Күн бетін толықтай жабуы «ғасырлық шанс» ретінде бағаланды.

АҚШ президенті Дональд Трамптың Вашингтонда Ақ Үйдің көк бөлменің балконынан Күннің тұтылуын көзілдіріксіз қадағалауы баспасөзге тақырып болды.

АҚШ-тың кей аудандарында Ай Күннің бетін екі минут тұтастай жапты. Орегон штатындағы Мадрас қаласын қара-түнек басты. Бұл қалашықта жеті мың адам тұрса, сирек табиғи құбылысын өз көздерімен көру үшін онда жүз мыңнан аса адам келді.



Ұқсас жаңалықтар