Сауд Арабиясы катарлық қажыларға рұқсат берді

Король Селман катарлық қажылық үшін алдын ала электронды түрде рұқсат алып, Сауд Арабиясы кіруіне рұқсат берді.

791791
Сауд Арабиясы катарлық қажыларға рұқсат берді

Сауд Арабиясы әкімшілігі катарлық қажы үміткерлерінің алдын ала рұқсат алмай құрлық және әуе жолымен елге кіре алатындарын, шығындарының болса король Селман ибн-Абдүлазиз тарапынан қамтамасыз етілетінін жариялады.

Сауд Арабиясы хабар агенттігі SPA-ның хабарына қарағанда король Селман ханзада Мұхаммед ибн-Селманның Катар азаматтарының қажылық парыздарын орындау үшін Салва шекара қақпасын қолданулары жөніндегі ұсынысын қабылдады.

Король Селманның Катарда биліктегі Ал-Сани отбасының мүшесі және Джиддадағы Эс-Салам сарайында ханзада тарапынан қабылданған Шейх Абдуллах ибн-Али ибн-Абдуллах ибн-Джасим Ал-Санидің бітімгерлігінің арқасында жүзеге асқаны атап көрсетілді.

Осыған қарағанда король Селман Катар азаматтарының қажылық үшін алдын ала электронды түрде рұқсат алып, Сауд Арабиясы кіруіне рұқсат берді.



Ұқсас жаңалықтар