Сауд Арабиясы әуе кеңістігінің Катарға ашылғанын теріске шығарды

Біріккен Араб Әмірліктері және Бахрейннің артынан Сауд Арабиясы да әуе кеңістігінің Катарға ашылғанын теріске шығарды.

787968
Сауд Арабиясы әуе кеңістігінің Катарға ашылғанын теріске шығарды

Біріккен Араб Әмірліктері және Бахрейннің артынан Сауд Арабиясы да әуе кеңістігінің Катарға ашылғанын теріске шығарды.

Сауд Арабиясы Ұлттық авиация басқармасы жалпы кеңесі төрағасы Абдулхаким ибн Мұхаммед-Темим жасаған және Сауд Арабиясы хабар агенттігі SPA-да орын алған мәлімдемеде әуе кеңістігінің Катарға жабық екенін атап көрсетті.

Ұлттық Авиация агенттігі бас дирекциясы 30 шілде күні эмбарго жасаған елдердің Катар әуе жолы фирмаларының қолдануы үшін 9 жедел әуе коридоры берілгенін жариялаған болатын.

Катар Ұлттық авиация агенттігі жалпы кеңесі төрағасы Абдуллах ибн Насыр эс-Себи болса дүйсенбі күні Оман Шығанағы, Басра Шығанағы және Оман теңізіне қоса Катардың Халықаралық Азаматтық Авиация ұйымынан (ICAO) сұраған әуе кеңістігі бағыттарының көпшілігін қолдана бастағанын атап көрсеткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар