4,5 миллион бала мектепсіз қалады

ЮНИСЕФ ескерту жасады.

781663
4,5 миллион бала мектепсіз қалады

Йеменде мұғалімдердің бір жылдық айлықтары төленбесе,  шамамен 4,5 миллион бала мектепсіз қалады.

ЮНИСЕФ Йеменде қызметкерлердің жалақылары төленбесе,  шамамен 4,5 миллион бала білім алатын көптеген мектептің жаңа оқу жылында ашылмайтынын айтып ескерту жасады.

Үкіметке қарсы хоуситтер өздері бақылауға алған аймақтарда табыс көздерін тәркілегендіктен Білім беру министрлігіне қарасты мемлекеттік қызметкерлер мен мұғалімдер өткен жылдың соңғы айларынан бері жалақы ала алмай отыр.

Бас қала Санадағы Білім беру кәсіподағы да мұғалімдердің 9 айдан бері жалақысыз жұмыс істеп келгенін хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар