Қазақстан Солтүстік Кореяны айыптады

Қазақстан Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыран ұшырғанын айыптайды.

780531
Қазақстан Солтүстік Кореяны айыптады

Қазақстан Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыран ұшырғанын айыптайды.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде сынақтың Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің шешіміне қайшы екені, әлем бейбітшілігіне қауіп төндіргені және барша әлемді тұрақсыздыққа апарып соғатыны баяндалды.

Мәлімдемеде «Аймақтық және әлем қауіпсіздігіне кәдімгідей қатер төндіріп, халықаралық қауымдастықтың ядролық қарусыз әлем құрудағы ұмтылыстарына нұқсан келтіретін жауапсыз, арандату әрекеттерінің жөнсіз екенін айыптаймыз» делінді.

Мәлімдемеде Солтүстік Кореяның жауапкерсіз саясатының әлемдегі ядролық қарусыздандыру процесіне болымсыз ықпал жасағаны және атомсыз болашақтың орнығуындағы коллектив талпыныстарды балталағаны атап өтілді.

Мәлімдемеде мәселенің диалог арқылы шешілуі керектігі баяндалды. Жапония 28 шілде күні Солтүстік Кореяның бір баллистикалық зымыран сынағын жасағанын және зымыранның Жапонияның экономикалық аймағындағы бір жерге түскенін хабарлаған болатын.

Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын өткізілген құрлықтар арасы баллистикалық зымыран сынағының мемлекетінің Америка Құрама Штаттарын ата алатынын көрсеткенін айтқан еді. 



Ұқсас жаңалықтар