Эммануэль Макрон әйгілі әнші Рианнаны қабылдады

Франция Президенті Эммануэль Макрон Америкалық әйгілі әнші Рианнаны қабылдады.

778760
Эммануэль Макрон әйгілі әнші Рианнаны қабылдады

Франция Президенті Эммануэль Макрон Америкалық әйгілі әнші Рианнаны қабылдады.

Франция Президенті Эммануэль Макрон Америкалық әйгілі әнші Рианнаны қабылдады. Рианнаның толық аты Робин Рианна Фенти. Ол әлімге әйгілі әнші, әннің авторы, продюсер, филантроп және актриса.

Әнші Рианна әлемде білім беру ынтымақтастығын күшейту және қаржылай қолдауды арттыру мақсатымен француз лидерімен кездесті.

Кездесуден кейін баспасөзге мәлімдеме жасаған Рианна гуманитарлық жәрдем қорына сілтеме жасап, «Франция лидерімен білім берумен байланысты тақырыпты қолға алдық . Қыркүйек айында егжей-тегжейлі мәлімдеме жасалады. Қазан айында Африкада тіпті көп жұмыс істейміз» деді.

Clara Lionel қорының төрайымы болған әнші дамуда болған елдердегі балалардың білім алу мүмкіндіктерін қарастыруда және демеуші іздестіруде.



Ұқсас жаңалықтар