Гутерреш тыныш болуға шақырды

БҰҰ бас хатшысы Израильді тыныш болуға шақырды.

778615
Гутерреш тыныш болуға шақырды

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерреш Акса мешітінде күш қолданудың артқанына алаңдайтындарын айтып, Израильді тыныш болуға шақырды.

Гутерреш жазбаша хабарламасында: «Акса мешітінде 14 шілде күнінен бұрынғы статуска құрмет көрсетілуі керек» деп жазды.

Гутерреш Иордания және Израиль арасындағы диалогқа риза болғанын,  келушілер мен ғибадат етушілердің қауіпсіздігінің қамдалуы үшін осы келіссөздің жалғастырылуы керектігін айтты.

Бас хатшы: «Қақтығыстың артуы жөнінде уайымдарым бар.  Барлық саяси, діни және қоғамдық басшылардан азғырушы іс пен сөзден аулақ болуын сұраймын.  Израильді де сабырлы болуға шақырамын» деді.

Израиль полициясы 14 шілде күні Акса мешітінде қарулы шабуыл жасады деп үш падестиналықты өлтіріп,  оқиғада жараланған екі Израиль полиция қызметкері де ауруханада қаза тапқан еді.

Оқиғадан кейін Акса мешітін ғибадатқа жапқан Израиль әскерлері Харам Шарифтің екі қақпасын жексенбі күні ашып, бірақ қақпаларға детектор қойған еді.



Ұқсас жаңалықтар