АҚШ Иранға шара қолданады

АҚШ Ирандағы 7 адам және 11 ұйым жөнінде шара қолдану шешімін жасады.

773504
АҚШ Иранға шара қолданады

АҚШ Ирандағы 7 адам және 11 ұйым жөнінде шара қолдану шешімін жасады.

Америка Құрама Штаттары қаржы және сыртқы істері министрлері, Президент Дональд Трамп әкімшілігі Иранға қарсы халықаралық қылмыс әрекеттерін және баллистикалық зымыран бағдарламасын қолдағаны себепті 7 адам және 11 ұйым жөнінде шара қолдану шешімін жасады.

АҚШ қаржы министрі Стивен Мнучин тақырыпқа байланысты мәлімдеме жасады. Мнучин мәлімдемесінде «АҚШ әкімшілігі Иранның терроризмге қолдау әрекеттерін, баллистикалық зымыран бағдарламасын және адам құқықтарына қайшы жұмыстарын нысанға алуды жалғастырамыз» деді.  

Шара қолданатын адам мен ұйымдардың көбінің Иран төңкеріс қорғаушылары армиясына қолдау бергені алға тартылды.

АҚШ-тың шара қолдану тізіміне кірген адамдар мен ұйымдардың мемлекеттегі мал-мүліктері мен ақшалары тоқтатылады. Америкалықтардың қара тізімдегілермен сауда жасауларына тыйым салынады. 



Ұқсас жаңалықтар