Макрон мойындады

Фашистік әкімшіліктің жауапкершілігін қабылдады.

772001
Макрон мойындады

Франция президенті Эммануэль Макрон елінің фашистерге қолдау көрсетіп,  топтық қырғынға жол ашудағы жауапкершілігін қабылдады.

Макрон ресми сапармен Францияға келген Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен бірге Франциядан қуылып, фашистік лагерьлерге жіберілген еврейлерді еске алу шарасына қатысты.

Макрон осында сөйлеген сөзінде осы оқиғаларда сол кездегі фашистік Вичи әкімшілігінің үлкен жауапкершілігі бар екенін айтты. «Мен Вичи Франция емес деген сөздерді қабылдамаймын.  Вичи Франция халқы емес-тұғын,  бірақ Францияның әкімшілігі мен үкіметі болатын» деді ол.

Шарада Нетаньяху «Мен осы жерге тек еврей болғаны үшін өлтірілген бауырларымыздың рухы алдында тағзым ету үшін келдім. Құрбандардың азасын ұстау үшін келдік» деді.



Ұқсас жаңалықтар