Гүлен үшін акция

Фетуллах Гүленнің Түркияға қайтарылуы үшін Ақ Үйдің ресми интернет парақшасында қолтаңба акциясы басталды.

771822
Гүлен үшін акция

Америка Құрама Штаттарында өмір сүретін түріктер Фетуллах Гүленнің Түркияға қайтарылуы үшін Ақ Үйдің ресми интернет парақшасында қолтаңба акциясын бастады.

15 шілде төңкеріс әрекетінің бірінші жылдығында дайындалған «Әділет үшін Фетуллах Гүленді Түркияға қайтарыңдар» атты мәтінде төңкеріс әрекеті барысында қаза тапқандар мен жараланғандардың қайғысын жеңілдету үшін АҚШ әкімшілігінің Гүленді қайтаратынына сенеміз» деп жазылды.

Қолтаңба акциясын Ақ Үйдің интернет парақшасындағы «Питеция» бөлімінен көруге болады.

30 күнде 100 мың қолтаңба жиналса,  акцияны ресми органдар қолға алады.



Ұқсас жаңалықтар