78 тонна көмек барып жетті

ЮНИСЕФ-тің көмек материалдары Санаға жетті.

770722
78 тонна көмек барып жетті

ЮНИСЕФ 78 тонна медициналық материал тасыған екі жүк ұшағының Йеменнің бас қаласы Санаға жеткенін хабарлады.

ЮНИСЕФ-тің Йемендегі баспасөз хатшысы Мұхаммед әл Асади соңғы үш күнде ЮНИСЕФ тарапынан жіберілген медициналық материалдық 171 тоннаға жеткенін білдірді.

Аталмыш көмек БҰҰ Гуманитарлық істерге жауапты бас хатшының орынбасары және Төтенше жағдай координаторы мен Дүниежүзілік Денсаулықты сақтау ұйымының бас директорының ескертулерінен кейін жеткізілді.

Дүниежүзілік Денсаулықты сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом екі күн бұрын БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде сөйлеген сөзінде Йеменде 15 миллион адамның негізгі медициналық қызметке мұқтаж екенін, тырысқақ оқиғаларының медициналық жүйен жеткіліксіз қалғандықтан артқанын айтқан болатын.

Қантөгіс және кедейлік салдарынан медицина саласында қиыншылыққа душар болған йемендіктер соңғы кезде тырысқақпен арпалысуда.



Ұқсас жаңалықтар