Лю Сяобо қайтыс болды

Қытайда қамауда жатқан Нобель Бейбітшілік сыйлығының лауреаты қайтыс болды.

770482
Лю Сяобо қайтыс болды

Қытайда қамауда жатқан Нобель Бейбітшілік сыйлығының лауреаты Лю Сяобо қайтыс болды.

Лауазым иелері 61 жасар адам құқықтарын қорғаушы Людің ауруханада қайтыс болғанын білдірді.

Өткен ай түрмеден ауруханаға ауыстырылған Людің қарнының ісіпк еткені,  қан қысымының төмендегені, бүйректерінің жұмыс істемей қалғаны хабарланған болатын.

Қолдаушылары мен кейбір елдер Қытайдан Люді емдеу үшін қалаған жерді таңдауына рұқсат беруін сұрап,  Пекин үкіметі болса оған ең жақсы емді жүргізетіндерін білдірген еді.

Нобель Бейбітшілік сыйлығының лауреаты, адам құқықтарын қорғаушы және ғалым Лю Сяобо 2009 жылы 11 жыл бас бостандығынан айрылған болатын. Ол түрмеде жатып Нобель лауреаты атанды.



Ұқсас жаңалықтар