Ұлыбританияға бармайтын болды

Трамптың Ұлыбритания сапары 2018 жылға қалдырылды.

768559
Ұлыбританияға бармайтын болды

Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамптың Ұлыбритания сапары 2018 жылға қалдырылды.

Ағылшын «The Guardian» газеті маусым айының ортасында Трамптың Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэйге телефон шалып, «халық менің сапарыма қолдау бергенге дейін келгім келмейді» дегенін алға тартқан болатын.

Алайда Ұлыбритания үкіметі АҚШ президентінің сапарында өзгеріс болмағанын хабарлаған еді.

BBC-дің хабарына қарағанда алығшын хабар көздері Трамптың Ұлыбританияға 2018 жылы келетінін білдірді.

Ұлыбританияда қаңтар айында Дональд Трамптың сапарын болдырмау үшін дайындалған арызға 2 миллионнан астам адам қол қойған болатын.



Ұқсас жаңалықтар