ДАИШ-ке қолдау берген АҚШ әскері тұтқындалды

Американ армиясының унтер-офицері Эрик Канг ДАИШ-ке қолдау бергені себепті Гавайда тұтқындалды.

768551
ДАИШ-ке қолдау берген АҚШ әскері тұтқындалды

Американ армиясында қызмет еткен унтер-офицер Эрик Канг террор ұйымы ДАИШ-ке материалды қолдау бергені себепті Гавайда тұтқындалды.

Американ баспасөзінде шыққан хабарға қарағанда 34 жасар Канг әскери мекемелер мен Федералдық тергеу бюросының (FBI) 1 жылдан бері бақылауында болатын.

2013 жылы Ауғанстан және 2011 жылы Иракта қызмет атқарған Кангқа Жаһандық терроризммен күрес қызмет медальі табыс етілген болатын.

Тұтқындау алдында Гавайде белсенді қызметтегі Канг ДАИШ-ке бағыну үшін ант ішу, әскери құжат беру және ұйым мүшелерін жаттықтыру мен айыпталады.



Ұқсас жаңалықтар