Ердоған мен Путин кездеседі

Үлкен 20 тобы саммиті қарсаңында Ердоған мен Путин кездеседі.

763868
Ердоған мен Путин кездеседі

Үлкен 20 тобы саммиті қарсаңында Ердоған мен Путин кездеседі.

Президент Режеп Тайып Ердоған және Ресей Президенті Владимир Путиннің Үлкен 20 тобы саммиті қарсаңында кездеседі. Кездесуде Түрік ағыны табиғи газ құбыр желісі мен Аккую атомдық станциясы жобалары қолға алынады.

Кремльден жасалған мәлімдемеге қарағанда 7-8 шілде күндері Германияның Гамбург қаласында ұйымдастырылатын Үлкен 20 тобы саммитінде Ердоған мен Путин екі ел арасындағы ортақ жобаларды талқылайды.

Құрылысы жалғасып жатқан Түрік ағыны табиғи газ құбыр желісі мен Аккую атомдық станциясы жобаларындағы соңғы жағдайдың қолға алынғаны білдірілген мәлімдемеде «Екі жобада да соңғы кезеңде тез ілгерілеушілік болды» деген сөздер қолданылды. 



Ұқсас жаңалықтар